АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАҚАТ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ ҚАРАСТЫ КМҚК «БАЛБӨБЕК» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ
150 орындық КМҚК «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы» 1989 жылы пайдалануға берілген. Балабақша құжаттары мемлекеттік тілде жүргізіледі.Балабақшаның құрылтайшысы Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің мемлекеттік мекемесі болып табылады. Балабақша жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына ие. Балабақша ғимараты типтік. Балабақша 46 дана бейнекамерамен жабдықталған. Оның 30 іште, 16 сыртта қондырылып бейнебақылау жұмыстарын атқаруда. Балабақшаның жалпы алаңы (2м) 1193,6.Балабақшаның мекен-жайы: 060600, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі, Парасат бөлімшесі, №109 үй.Тел-факс: 8-71239 – 3-08-53,3-23-57\ Электронды адресі:
YouTube аккаунты:
Қызметтік бөлімде жылу қазаны және алшақ жерде қоқыс төгетін жер орналасқан. Әрбір топтық алаңда күн мен жауын-шашыннан қорғайтын және көлеңке түсіретін қалқалары бар, ағаштары мықты, әртүрлі түспен боялған. СанПин ережесіне сай. Балабақша топтарында балалардың қабылдау, ойын, ұйықтайтын және әжетхана бөлмесі қарастырылған. Топтардағы заттық-дамытушы орталар заман талабына сай жасақталған. Қабылдайтын бөлмеде балалардың сыртқы киімін ілетін шкафтар, банкеткалар орналасқан. Жатын бөлмелерде бір қатарлы және екі қатарлы кереуеттер (кровать) бар. Асханада электр плитасы, духовой шкаф, ет тартқыш, тамақ кесетін орындар бар, тамақтарды мұздатқыш, салқындатқыш, қоймада желдеткіш бар. Медбике бөлмесінде медикаменттер сақтауға шкаф, бөлме термометрі, педалі бар қоқыс салатын, балалардың бойын өлшейтін өлшегіш, салмағын өлшейтін, кушетка, жылжымалы отырғыш, бактерицидтық лампа, медициналық құжаттарға арнайы үстел, құжаттар сақтайтын шкаф, тоңазытқыш, қол жуатын раковина. Барлық кабинеттер компьютермен жабдықталған. Дене шынықтыру, музыка залы барлық құрал-жабдықтармен толықтырылған. Топ саны: 6.Оның ішінде: Кіші жас (2-3 жас)-2 топ Орта жас ( 3-4 жас) -2 топ Ересек жас (4-5 жас) -2 топ.Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту жұмысын атқаратын балабақшада арнайы білімдері бар 19 педагог қызмет атқарады: меңгеруші -1; әдіскер-1;педагог-психолог -1; саз жетекшісі-1; дене шынықтыру нұсқаушысы -1; хореограф-1; тәрбиеші-13. Білім беру үрдесіне қатысушылардың арасындағы өзара қарым-қатынас әрекеті заңнамалармен, балабақша жарғысымен, ата-аналар келісім шартымен реттеледі.
